ШҚО-да киіз үй фестивалі өтіп жатыр
Хабар 24
Он жылдан астам уақыттан бері өткізіліп келе жатқан шара «XXI Халықтық ойындар спартакиадасы шеңберінде» ұйымдастырылды.
Шығыс Қазақстан облысында киіз үй фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлайды Хабар 24.
Он жылдан астам уақыттан бері өткізіліп келе жатқан шара «XXI Халықтық ойындар спартакиадасы шеңберінде» ұйымдастырылды. Осылайша Өскемен маңында ақ шаңқан ауыл бой көтерді. Бұл жерге Зайсан, Абай, Ұлан, Қатон-қарағай сынды алыс-жақын өңірлерден ұзын саны 20-ға жуық үй тігілді. Барлығы да ұлтымыздың дәстүрінен ақпарат беретін байырғы замандағы тұрмыстық дүниелермен жабдықталған. Сондықтан киіз үйлер ішіне текемет, сырмақ сынды төсеніштердің, ас-суға қажетті құралдардың барлығы қойылған. 6 -8 қанатты қазақ үйлердің ішіндегі ең әдемілерінің бірі Абай ауданына тиесілі болды.
- Біз бүгін осы мерекеге Абай ауданынан ерекше 3 үйден құралған Абай атаның бас үйін әкелдік. Көп күн дайындалдық енді осы үлкен мереке болғандықтан үйді тігу, құраудың өзі жалпы бір апта он күн шамада дайындық жасадық, - деді фестивальға қатысушы Жанат Хайсина.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript