Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысында өңірлік жобалық офистің интерактивті алаңының таныстырылымы өтті

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2017 01:14 Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Шара барысында сонымен қатар, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жеңімпаздарымен кездесу ұйымдастырылды.

«Рухани жаңғыру» Бағдарламасы аясында Өңірлік жобалық офистің интерактивті алаңының таныстырылымы және «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жеңімпаздарымен кездесуінің баспасөз парағы.

І. Шараның мақсаты:

1) «Рухани жаңғыру» Бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында құрылған өңірлік жобалық офиске арналған интерактивті, заманауи алаңының тұсаукесер рәсімін өткізу.

2) Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын ілгерілету. Облыс тұрғындарын «Рухани жаңғыру» Бағдарламасы аясында жүзеге асырылған «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының қорытындысымен таныстырып, облыстан жеңімпаз атанған азаматтарға ақпараттық қолдау көрсету.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2017 01:14

ІІ. Шараның бағдарламасы:

1) Шараның бірінші бөлімінде өңірлік жобалық офистің интерактивті ақпараттық алаңының тұсаукесері және таныстырылымы өтеді. Алаң Бағдарламаның негізгі 4 бағыты («Тәрбие және білім», «Рухани қазына», «Атамекен» және «Ақпарат толқыны») бойынша жұмыс жасайды. Әр интерактивті алаңның өзіндік ерекшеліктері бар:

- «Тәрбие және білім» алаңында «100 жаңа оқулық», латын әліпбиі және аталған бағытта өңірде жүзеге асырылатын жобалар туралы ақпараттар орналасқан. Халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыру және латын әліпбиін үйрету мақсатында компьютерлер орналастырылған.

- «Рухани қазына» алаңында өңірдің киелі жерлері, Қазақстандық заманауи мәдениет, өңір табиғаты және аталған бағытта жүзеге асырылатын жобалар туралы ақпаратпен танысуға болады.

- «Атамекен» алаңында әлеуметтік бағдарламалар, ҮЕҰ, меценаттардың форумы, еріктілердің атқарып жатқан жұмыстары, интерактивті платформа, «Жомарт жүрек», «Асыл жандар» жобаларымен танысуға болады.

- «Ақпарат толқыны» алаңында Бағдарламаны ақпараттық сүйемелдеу және «100 жаңа есім» жобаларымен танысуға болады.

- Сондай-ақ, барлық алаңдардың жұмысын үйлестіру мақсатында жұмыс жасау орны құрылған.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2017 01:14

2) Шараның екінші бөлімінде «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесу өтеді. Кездесуді Жамбыл облысының әкімі Кәрім Насбекұлы Көкрекбаев ашып, кіріспе сөзін сөйлейді. Кездесу барысында, «Кирпичник» ЖШС директоры (2013-2015ж), қоғам белсендісі Сембек Әбетайұлы Сейдазимовтың, Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестігінің Тәттімбет атындағы Академиялық оркестрінің бас дирижері және көркемдік жетекшісі, Ерлан Әбдінәбиұлы Бақтыгерей, Алматы қаласы «Орталық клиникалық ауруханасы» АҚ нейрохирургі Марат Аманғалиұлы Саршаев, Кәсіпкер Әбдібек Үйкекбайұлы Пошкаев, Полиция сержанты Ғалым Қазбекұлы Арыстанбаев, Лондонда өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ақжүрек Достықұлы Таңатаров қатысып, тақырыпқа сай өз ойларын білдіреді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2017 01:14

ІІІ. Шараға шақырылғандардың құрамы:

Облыстың зиялы қауым өкілдері, басқарма басшылары, аудан әкімдері, ЖОО басшылары мен БАҚ өкілдері.

Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: