Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Жамбыл облысында пойыздар тоқтап тұр

Қазір Шу және Сарышаған стансаларында пойызды қалыпқа келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Сурет : www.24.kz31 Шілде 2018, 17:32

Жамбыл облысында теміржолдағы апатты қайта келтіру жұмыстары жүруде. Жергілікті теміржол бөлімшесі мамандарының айтуынша, 3024 жолаушы діттеген жеріне жете алмай отыр. Бұл туралы zakon.kz, Хабар 24 арнасы жазған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

Қазір оларға далалық асүй ұйымдастырылған.

Оқиға бүгін Мойынты-Шығанақ учаскесінде Қашқантеңіз-Жастар өткелінде орын алған болатын. Мұнда жүк пойызының 11 вагоны рельстен шығып кеткен.

Қазір Шу және Сарышаған стансаларында пойызды қалыпқа келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

«Қазақстан Темір жолы» ҰК осы жағдайды тергеу бойынша арнайы комиссия құрып, оқиғаның себеп-салдары анықтауда. Осы уақытта өңірде 5 жолаушылар пойызы сапарын жалғастыра алмай, жоспарлы уақытынан кешігуде. Оның ішінде №086 пойыз жолаушылары да бар, олар Шығанақта таңғы сегізден бері тұр.

Шымкент – Астана, пойызының жолаушысы: - Сағат таңғы сегізден бері Шығанақ стансасында тұрмыз, тамақтарымыз бар, бірақ қазір ел-жұртқа ауызсу таратып жатыр, одан кейін адамдарға нан беріп жатыр, жақын жердегі әскери бөлімнен ыстық тамақ береміз деп жатыр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер