Алматыдағы бұрынғы Түрксіб ауруханасы сәулет ескерткіштерінің қатарына енді

www.inform.kz www.inform.kz
Бұрынғы аурухананың сыртқы келбетін, құрылымын өзгертуге тыйым салынады.

Алматыда бұрынғы Түрксіб ауруханасы сәулет ескерткіштері қатарына қосылмақ. Ғимаратты тарихи маңызды нысандар тізіміне енгізуді қала әкімі Бауыржан Байбек тапсырды. Бұл туралы zakon.kz, Алматы телеарнасы жазған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Абай көшесінің бойында орналасқан нысан 1950 жылдары сәулетші Михаил Кудрявцевтің жобасымен салынған. Бұл қаладағы классикалық және өңірлік дәстүрлерді паш ететін «ұлттық үлгіде» сақталып қалған аз ғана нысанның бірі.

Бұрынғы аурухананың сыртқы келбетін, құрылымын өзгертуге тыйым салынады. Ғимараттың ішін жөндеу немесе қайта жасау үшін өкілетті органның келісімі қажет.

Айта кетсек, Алматы әкімі Бауыржан Байбек осыған дейін «Сайран» автовокзалын да жергілікті маңызы бар тарихи ескерткіштер тізіміне енгізу туралы мәселені қарауды тапсырған болатын.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз