Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы "қызыл" аймақта. Мешіттер енді қалай жұмыс істейді - имам жауабы

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2021 18:28 видеодан алынды
Жұма намазына тыйым салынады.

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты әрі Алматының "қызыл" аймаққа өтуін ескере отырып, діни нысандардың жұмысыа қандай өзгеріс енгізілетінін Алматы қаласы Дін істері басқармасы бастығының орынбасары Ерғали Қошеке мен қаланың бас имамы Еркінбек Шоқай айтып берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын ескере отырып, шектеу шаралары діни орындарға да әсер етеді. Атап айтқанда, енді діни объектілердің ғимараттарында "жеке намазға" ғана рұқсат етіледі (ұжымдық қызметсіз: жұма намазы, жексенбілік қызмет және т.б. болмайды), онда да әлеуметтік қашықтықты (кемінде 2 метр) және басқа санитарлық нормаларды қатаң сақтаған жағдайда, яғни бетперде тағу, дезинфекция дегендей, - деді Ерғали Қошеке.

Мешіттерге, шіркеулерге және басқа да діни нысандарға кіре берісте әр адамның температурасы өлшенеді, бетперде кигенде ғана ішке кіруге рұқсат. Сонымен қатар, санитайзерлер көрнекі жерлерде орнатылып, діни ұйымдар аумағында кемінде 2 метр аралықта белгілер салынады;

Дін істері басқармасының қызметкерлері санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметтерімен және құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірге қаладағы діни ғимараттардың санитарлық нормаларға сәйкестігін қадағалайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: