Жаңалықтар тізбегі
0

Кенжебек Жанәбілов есту қабілеті төмен балаларға арнап орталық ашпақ

Stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2018 17:14 Stan.kz
Аталған орталықта әзірге 40 бала білім алатын болады.

Алматыда үздік үш әлеуметтік жоба авторлары марапатталды. Жылда ұйымдастырылатын байқауға 18 жоба іріктеліп алынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақта жақсы сөз бар. Жұмыла көтерген жүк жеңіл деген. Осындай әлеуметтік қайырымдылық жобалардың маңызы артып келеді. Біздің басты мақсатымыз - осы жобаларды мемлекетке көрсету, қоғамның назарын аудару, сол арқылы әлеуметтік тұрғыдан мұқтаж адамдарды өмір сапасын жақсарту болып табылады», - деді «Нұр Отан» партиясы Алматыдағы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жұлдыз Омарбекова.

Ұсынылған 18 жобаның ішінде құпия дауыс беру арқылы 3 жоба үздік деп танылды.

Атап айтқанда, үшінші орынды «Еріктілер қозғалысы әлемді өзгертеді» жобасының авторлары Лейла Байрамова мен Әмина Ермұхамбетова иеленді. Оларға конкурс демеушілері 500 мың теңге көлемінде сыйлық берді.

Екінші орынды МузАРТ ансамблінің әншісі Кенжебек Жанәбіловтің «Ел назы» арт-терапия орталығы жобасы жеңіп алды.

Әнші есту қабілеті нашар балалардың шығармашылығын дамытуға мүмкіндік беретін орталық ашпақшы. А.Байтұрсынов пен Гоголь көшелерінің қиылысында орналасқан орталыққа диагнозы қойылған кез-келген бала келе алады.

«Біздің орталықта есту қабілеті төмен, кахилярлы имплант салынған балалармен жұмыс жасалады. Мен бұл проблеманы өзімнен өткіздім. Менің өзімнің үлкен ұлым құлағы естімейтін болып дүниеге келді. Біз 7 жасына дейін көп уақыт созып жүріп алдық. Миына дыбыс келмеген соң адамның миы ұйықтап қалады екен. Кахилярлы имплантты 6,5 жасында орнаттық. Содан бастап баламыз мектепке барды, аттарымызды айтады», - деді Кенжебек Жанәбілов.

Аталған орталықта әзірге 40 бала білім алатын болады. Мұнда сурдопедагогтар балаларды домбыра, вокал өнеріне баулитын болады.

Жүлделі бірінші орынды «№1 мамандандырылған әлеуметтік көмек көрсету орталығы» мемлекеттік кәсіпорны «Жеке өмір сүру үйі» жобасымен жеңіп алды.

Аталған жобаның авторы Данипа Ысқақова үздік жұмысы үшін 1 млн теңге көлемінде сыйлық алды.

Айта кету керек, «Жеке өмір сүру үйі» былтыр мамырда ашылған болатын. Мұнда 20 психологиялық- менталды ауытқуы бар адам жеке өздері өмір сүруді үйреніп жатыр. Мамандардың айтуынша, осы адамдардың 5-і қазір мемлекеттік мекемелерде жұмыс істеп жатыр. Аталған үй мүмкіндігі психологиялық науқастарды әлеуметтік қоғамға бейімдеуге бағытталған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: