Елбасы жалақысы төмен қазақстандықтар үшін салықты азайтуды ұсынды

f.azh.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2018 18:46 f.azh.kz
Бұл айына минималды есептік көрсеткіштің 25 есе көлемінде жалақы алатын азаматтарға қатысты қолданылатын болады.

ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Президенті екінші бастаманы атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Екінші бастама – салыстырмалы түрде төмен жалақы алатын қазақстандықтарды қолдау үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық жүктемесін 10 есеге азайтып, 1% салық алуды ұсынамын" - деді Елбасы.

Оның айтуынша, бұл айына минималды есептік көрсеткіштің 25 есе көлемінде жалақы алатын азаматтарға қатысты қолданылатын болады.

"Мұндай төмендеу арқылы қаражаттың салықтан босатылуы олардың еңбек ақысы ұлғаюына бағытталуы керек», - деді Н. Назарбаев.



Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: