Жаңалықтар тізбегі
0

Қайрат Нұртастың қызы анасымен бәсекелес болмақ

comode.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2018 18:45 comode.kz
Ал, отбасындағы жаңа жұлдыздың қадамына продюсер әжесі дән риза.

Соңғы кездері түрік пен үндінің шым-шытырық хикаялары ұлттық арналарды жаулап алғандай. Алайда, отандық арналарда көрсетіліп жүрген отандық телехикаялар да аз емес. Күн сайын саны да, сапасы да артып келеді деп жазады comode.kz.

Кезекті телесериалдың атауы – «Қарлығаш ұя салғанда» деп аталады. Аталмыш туындының продюсері білікті журналист Гүлнұр Мамасарипова ханым.

Отандық арналардың бірі арқылы көрерменге көрсетілетін хикаяның басты кейіпкерлері де танымал жұлдыздар.

Көрермен көзайымына айналған актер Еркебұлан Дайыров пен Жандос Айбасовты жаңа образда көре аласыздар. Ал, басты рөлдегі келіншектің рөлін сомдау бақыты әнші, тележүргізуші, актриса Кәмшат Жолдыбаеваға бұйырған.
Бәрін айт та, бірін айт. Бұл телехикаядағы кішкентай ханшайымдардың рөлінің бірін Қайрат пен Жұлдыздың екінші қыздары Алау ойнайды. Бұған дейін отанасы өзінің парақшасында тұңғышы Сезімнің фортепианоға жақын екендігін, Нарұлдың әнге әуестігін, одан бөлек ұл – қыздарының модель ретінде подиумда жүріп өткен видеоларын жүктеген еді.

Ал, отбасындағы жаңа жұлдыздың қадамына продюсер әжесі дән риза.

Бұл тұрғыда Гүлзира Үсенқызы: «Мен немерелерімнің әр қадамын қолдаймын. Немеренің әр қылығы тәтті, әр өнері ыстық қой. Бастысы, құлындарымды Алла тіл-көзден сақтасын деп тілеймін. Бағасын уақыты келгенде көрермен өзі берер. Ал, өз басым Алауымның алғырлығына еш күмән келтірмеймін. Керемет ойнап, шығармашылық топтың да, ата-анасының да, біздің де, көрерменнің де үмітін ақтайды деп сенемін», - деп өз ойын білдірді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: