Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Тамызда тағы да магниттік дауыл соғады

Лейкемия немесе анемиямен ауыратын адамдар біршама зардап шегеді.

Сурет : massaget.kz3 Тамыз 2018, 09:26

Астрономдар тамыздың 20-сы күні тағы да 5 балдық шкалада магниттік дауыл соғатынын ескертеді. Ғалымдар Ресей ғылым академиясы П.Н Лебедев атындағы физика лабораториясы зерттеулеріне сүйене отырып осындай хабарды таратып отыр деп жазады Массагет.кз.

Мұндай дауылдар энергетикалық жүйелерде әлсіз ауытқуларға, өшіп қалуларға, ғарыштық құрылғыларды басқару кезінде мәселелер тудыруға себеп болуы мүмкін. Астрономдардың хабарлауынша, бұрынғы магниттік дауылдар – 20 сәуір, 6 мамыр, 2 маусым және 28 маусым күндері болған.

Бұлардың ішіндегі ең күштісі және ең белсендісі 20 сәуір күні болған магниттік дауыл. Магниттік дауылдың адам ағзасына тигізетін әсеріне тоқталар болсақ, дені сау адамдарға бұл үдеріс аса байқалмауы мүмкін.

Дегенмен лейкемия немесе анемиямен ауыратын адамдар біршама зардап шегеді.

Яғни адамның қанындағы лейкоциттер белгілі бір цикл өткен кезде соған сай келмей қалады.

Магниттік дауыл көбінесе денсаулық жағдайы ауа райына байланысты өзгеретін, жүрек-қантамырлары жүйесі ауыратын адамдарға кері әсер етеді.

Магниттік дауыл кезінде мұндай адамдардың басы айналып, жүрегі айнып немесе қан қысымы төмендеп кетуі мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы 5 балдық шкала бойынша магниттік дауыл Қазақстанда Астана уақытымен сағат 09:00-де басталып түске дейін жалғасқан еді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер