Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болып, дауыл соғады
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болып, дауыл соғады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Ауа температурасы жылынғандай болғанмен, солтүстік өңірлерде күн салқындай бастайды. Алдағы дүйсенбі күні суық ауа массасы еліміздің шығыс және оңтүстік-шығыс бөлігіне келіп жетеді.
26-27 мамыр аралығында Ақмола облысында онтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысып, түнде облыстың кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл болады және бұршақ жаууы мүмкін.
26 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, найзағай ойнайды және дауыл болып, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысып, аймақтың басым бөлігінде жел секундына 15-20 мер жылдамдықпен соғады.
Ал Солтүстік Қазақстанда ертең солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метр жылдамдықпен соқса, кей жерлерде желдің екпіні секундына 23-28 метр аралығындағы болады.
27 мамыр күні кешке қарай Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауса, 28 мамырда Алматы, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында көп мөлшерде жауын жаууына байланысты өзен суы тасуы мүмкін.