Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында бір үйдің балаларын туысқан атасы зорлап келген

sn.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2018 21:34 sn.kz
Балалардың жасы 10-ға да толмаған.

Алматы облысында бір үйдің екі баласын туысқан атасы зорлап келген. Ұлдардың анасы туыстарын шақырып осы жағдайды айтқанда, олардың да сол адамнан зорлық көргендерін естиді деп жазады Sn.kz.

«Балалардың жасы 10-ға да толмаған. Балаларды өздерінің атасының бауыры зорлап келген. Үлкен ұлы бұл жағдай туралы еш ауыз ашпаған. Анасына кішісі айтып беріпті. Әйел үлкен кісі мұндайға барады деп еш ойламаса керек. Осы қылмысқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бап, 4-бөлімі (сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер) бойынша адамды 15 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы бар. Бірақ ол адам әлі сотталмаған», – дейді заңгер Айман Омарова.

Айтуынша, анасы алғашында екі ұлына сенбеген. Сөйтсе, ер адам бір отбасының барлық балаларын баяғыдан бері зорлап келіпті.

«Бірде анасы екі ұлын әдеттегідей туысқан аталарының үйіне тастап кетпекші болады. Алайда, балалар барудан бас тартып, кішісі туысқан атасының оларға не істегенін айтып берген. Сол уақытта үлкен ұлы "Ұят болады, айтпа" деп інісін тоқтатпақшы болыпты. Басында анасы балалардың айтқанына сенбейді. Ол барлық туыстарын жинап, болған жайтты айтқан. Сол кезде туыстарының бірі аталарының бұрын оларға да зорлық көрсеткенін айтып береді. Бұл жағдай ұзақ уақыт жалғаса берген. Яғни, әлгі адамнан зорлық көрген бұл үшінші ұрпақ екен. Бірақ Алматы облысының полицейлері бұл іспен еш айналыспаған», – дейді заңгер.

Айман Омарованың сөзінше, аталарынан зорлық көргендер полицияға арыз жазған екен. Алайда, ешқандай қылмыстық іс қозғалмаған. Заңгер балаларды проктолог дәрігеріне апарып, арнайы сараптама жүргізу қажеттігін айтады. Бұрын зорланғандар да күрделі сараптамадан өтіп, өздерінің сөздерін дәлелдей алады дейді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: