Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы тауларында адасып кеткен 8 адам құтқарылды

www.inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2018 22:32 www.inform.kz
ҚР ІІМ ТЖК республикалық жедел құтқару жасағы өткен демалыста екі құтқару операциясын жүргізді.

Алматыда құтқарушылар тауда адасып кеткен 8 адамды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ІІМ ТЖК республикалық жедел құтқару жасағы өткен демалыста екі құтқару операциясын жүргізді.

«Жексенбі күні кешкі 18:38-де туристер тобы таудан өз бетінше түсе алмай жатқаны туралы шұғыл хабарлама түсті. Бес адамның бірі бала екен. Саяхатшылар Үлкен Алматы көліне Алешкин көпірі арқылы оң жақ қапталмен көтерілген. Өзен бойымен шамамен 1,5 сағаттай жүріп отырып, шекара постының тұсынан шыққан. Көліктерін ғарыш стансасының қасында қалдырған. Жағдайды кезекші пультіне адасқандардың бірі хабарласып айтты», - деді баспасөз қызметінен.

Оқиға орнына аттанған 5 жасақ сарбазы адасқандарды бірден тауып алды. Олардың ешқайсысына медициналық көмек қажет болған жоқ.

Сол күні Жедел құтқару жасағы Көкжайлау шатқалында адасып кеткен тағы 3 әйелді құтқарды.

«Жаяу шыққан әйелдер қайтар жолды таба алмай қалған. 5 минутта оқиға орнына шыққан құтқарушылар итпен із кесу арқылы адасқан әйелдерді тауып алды. Құтқарушылар оларды машинаға дейін дін аман жеткізді. Олардың бірі аяғын қайырып алған екен. Жарақат алған әйелге медициналық көмек көрсетілді», - деді РЖҚЖ құтқарушылары.

Құтқарушылар тауға шыққанда барынша абай болуды ескертеді.

«Жақындарыңызға маршрутыңызды хабарлап кетіңіз. Сонымен қатар, өзіңізбен бірге GPS-навигаторы бар байланыс құралын ала жүрген жөн. Осы екі жағдайда да туристер хабарласу мүмкіндігінің арқасында аман қалды», - деді Республикалық жедел құтқару жасағының мамандары.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: