Жаңалықтар тізбегі
0

Келесі айдан бастап аттестациядан өткен мұғалімдер үстеме ақы алады

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2018 20:20 zakon.kz
Екі жылда шамамен 150 мың мұғалім арнайы курстан өтті.

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев қыркүйек айынан бастап аттестациядан өткен мұғалімлердің үстеме ақы алатынын мәлімдеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл педагогтарды аттестациядан өткізудің жаңа жүйесі енгізілді. Аттестациялауға 60 мыңға жуық мұғалім қатысты. Олардың ішінде 36 мыңнан астамы аттестациядан өтті. Ол 63 процентті құрайды. Осы жылдың қыркүйек айынан бастап аттестациядан өткен мұғалімдерге алған категорияларына қарай үстеме ақы төленеді», - деді Е.Сағадиев Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Айта кетейік, аттестацияның нәтижесі бойынша 50 процентке дейінгі үстеме ақы қарастырылған. Бұдан бөлек, бүгінде жаңартылған білім мазмұны бойынша сабақ беретін мұғалімдерге 30 проценттік ақы төленіп жатыр. Өткен жылы 1, 2, 5 және 7-сыныптар жаңа оқу бағдарламасына көшсе, биылдан бастап 3, 6 және 8-сыныптар жаңартылған мазмұн бойынша білім ала бастайды. Демек, осы сыныптардың мұғалімдері де 30 проценттік қосымша ақы алатын болады.

Министрдің сөзіне қарағанда, осы жылдың аяғына дейін мектеп оқушыларының 75 проценті жаңартылған мазмұн бойынша оқиды.

«Екі жылда шамамен 150 мың мұғалім арнайы курстан өтті. Қазіргі уақытта 73 мың педагог оқып жатыр. Жаңартылған мазмұн бойынша сабақ беретін мұғалімдердің жалпы саны - 205 мың адам. Бүгінде олардың 67 процентінің жалақы көлемі 30 процентке көбейді», - деп атап көрсетті Е.Сағадиев.

Айта кетейік, алдағы уақытта ұлттық бірыңғай тестілеу тәртібіне бірқатар өзгерістер енгізілуі мүмкін. Аталған өзгерістер іске асса, мұғалімдердің бос уақыты көбейеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: