Абзал Нүкенов ҚР дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі лауазымынан босатылды

primeminister.kz primeminister.kz
Өз еркімен қызметтен босатылды.

ҚР Үкіметінің қаулысымен Нүкенов Абзал Нүкенұлы берілген өтінішке сәйкес дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Премьер-Министрінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының «ҚР мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы» 28.06.2018 жылғы №707 Жарлығына сәйкес Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі ҚР Қоғамдық даму министрлігі болып қайта аталды. Жаңа ведомствоға Мәдениет және спорт министрлігінің қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілді.

ҚР Қоғамдық даму министрлігінің миссиясы — сындарлы мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды қалыптастыру, тұрақтылықты нығайту, мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының әріптестігінің тиімді жүйесін дамыту, мемлекеттік жастар және отбасы саясатын тұжырымдау және тиімді іске асыру.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз