Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Сейсенбіде республиканың кей жерінде құбылмалы ауа райы сақталады

Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.

Сурет : aikyn.kz14 Тамыз 2018, 09:46

Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты республиканың кей жерінде құбылмалы ауа райы сақталады, найзағаймен бірге жаңбыр жауып, дауыл және екпінді жел соғады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, найзағай, бұршақ, түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде дауыл болады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысында кей жерінде желдің күшеюі 15-20 м/с, найзағай, дауыл күтіледі, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Алматы облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, Павлодар облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Түркістан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысында шаңды дауыл күтіледі. Атырау, күндіз Маңғыстау облыстарының кей жерінде найзағай болады.

Қызылорда, Түркістан, кей жерде Жамбыл, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарында жоғары өрт қауіпі сақталады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер