Бүгін еліміздің кей өңірлерінде құбылмалы ауа райы сақталады
Бүгін атмосфералық фронттальдық бөліктердің өтуіне байланысты республиканың кей жерлерінде құбылмалы ауа райы сақталады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауып, екпінді жел соғады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, найзағай ойнап, бұршақ жауады, түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде дауыл болады.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел күшейеді - 15-20 м/с, найзағай ойнап, дауыл күтіледі.
Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Павлодар облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Түркістан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, Түркістан облысында шаңды дауыл күтіледі.
Атырау, күндіз Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде найзағай болады. Қызылорда, Түркістан, кей жерлерде Жамбыл, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.