Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Ұлттық банк: Елімізде халықтың шетел валютасына сұранысы ешқандай дүрбелең тудырған жоқ

Ұлттық банктің мәлімдеуінше, валюта нарығындағы жағдай тұрақты.

Сурет : abctv.kz14 Тамыз 2018, 11:48

Үкімет отырысында ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Олег Смоляков депозиттердің долларлану деңгейі маусымда 44,5%-ға жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Депозиттік ұйымдардағы депозиттер маусымның соңында 17,8 трлн теңгені құрады. Оның құрылымында ұлттық валютадағы депозиттер бірінші жартыжылдықта 9,9 трлн теңгеге дейін 8,2%-ға өсті, шетел валютасындағы депозиттер 7,9 трлн теңгеге дейін 4,9%-ға төмендеді. Нәтижесінде депозиттердің долларлану деңгейі маусымда 44,5%-ға жетті", - деді ол.

Оның айтуынша, жинақтау валютасын таңдау кезінде айырбастау бағамының айқындаушы фактор ретіндегі рөлі төмендеп жатқанын атап өту қажет. Мұны теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамының әлсірегеніне қарамастан ағымдағы жылғы мамырда және маусымда теңгедегі депозиттердің өсуі көрсетіп отыр.

«Қолма-қол валюта нарығында біз күнделікті мониторингті жалғастырамыз. Негізінен, жағдай тұрақты, валюта жеткілікті және халықтың шетел валютасына деген сұранысы ешқандай дүрбелең тудырған жоқ», - деді Ұлттық банк басшысының орынбасары.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер