Жаңалықтар тізбегі
0

Ішкі нарықта шетел валютасына үлкен сұраныс жоқ – Әлия Молдабекова

businessmir.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2020 21:52 businessmir.kz
Валюта нарығындағы сауда-саттық көлемі карантиннен кейінгі кезең шегінде күніне 90-130 млн АҚШ долларында қалады.

ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова валюта нарығындағы жағдайға және теңге динамикасына қатысты негізгі тезистерімен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.

Коронавирустың екінші толқыны жөнінде қауіптену және COVID-19-бен ауырғандар санының өсуі аясында ұлттық валютаның болашағы туралы

Сарапшылардың жыл соңына дейінгі теңге серпініне қатысты пікірлері екіге бөлінді: кейбіреулер сырқаттанғандар санының өсуі аясында ұлттық валютаның әлсіреуін, ал кейбіреулері - әлемдік экономиканың және көмірсутектерге сұраныстың қалпына келуіне қарай оның нығаюын күтуде.

Еркін өзгермелі режимде ұлттық валюта бұрынғыдай негізгісі мұнай бағасы болып табылатын іргелі факторлардың әсеріне ұшырауда.

Энергия тасымалдаушылар нарығында әлі де жаһандық тұтынудың төмендеуінен туындаған жоғары белгісіздік сақталуда. Жекелеген елдер, мысалы, Ливия өндірісінің ұлғаюына байланысты жалғасып келе жатқан сезімталдыққа қарамастан, ОПЕК+ ұйымы өндірісті азайту жөнінде алдын ала келісілген талаптарды ұстану және мұнай нарығын қайта теңдестірудің қазіргі қиын жағдайын түсіну ниеті туралы сигнал береді.

Ірі өндірушілер арасындағы келіспеушілік осы жылдың басында мұнай бағасының күрт құлдырауына әкелгенін ескере отырып, ОПЕК+ өндіруші елдер арасындағы қазіргі үйлестіру ірі қатысушылар жаңа нақты шындықты түсінеді деп ойлауға мүмкіндік береді. Қытай экономикасының біртіндеп қалпына келуі туралы белгілер де энергия тасымалдаушылар нарығына қолдау көрсетеді.

Негізгі экспорттық тауар бағасының серпінінен басқа, теңге әлемдік экономикадағы жалпы үрдістерге ұшырағыш. Көптеген дамушы елдер жаһандық сұраныстың құлдырауына байланысты экспорттың төмендеуіне шыдауға мәжбүр. Бұған жауап ретінде үкіметтер дамыған елдермен салыстырғанда шамалы ауқымда болса да, фискалдық және монетарлық шаралар қабылдауда.

Инвесторлардың тәуекел дәрежесінің жалпы төмендеуіне және АҚШ-тағы ынталандыру шаралары бойынша белгісіздікке байланысты әлемдік нарықтардағы жекелеген кезеңдерде доллардың нығаюы дамушы елдердің ұлттық валюталарына қосымша қысым көрсетуде.

Қазақстан басқа елдермен салыстырғанда Үкімет пен Ұлттық Банктің қуатты фискалдық қолдауының және экономиканы қолдау үшін уақтылы шаралар қабылдауының нәтижесінде орнықты позицияға ие.

COVID-19-дың екінші толқынының әлемдік экономикаға әсері туралы сарапшылардың болжамы

Еуропада ауырудың жаңа жағдайлары туралы хабарламалар аясында коронавирустың екінші толқыны туралы қауіптенудің сақталуына қарамастан, ағымдағы әлемдік статистика емделушілердің үлкен пайызымен, сондай-ақ өлім-жітімнің төмендігімен ерекшеленеді. Кейбір экономистер індеттің бақылауға алынып келе жатыр деп есептейді және ауыратындар санының азаюын күтуде. Бұл тиісінше экономикаға қатты әсер етпейді.

ХВҚ жаз мезгіліндегі болжамдармен салыстырғанда әлемдік экономиканың дамуы жөнінде анағұрлым оптимистік болжам жасады. Қор әлемдік ІЖӨ-нің алдыңғы болжам бойынша 4,9%-ға төмендеуге қарсы 4,4%-ға төмендейтінін күтуде. Көптеген дамыған және дамушы елдер оң түзетуден өтті. Мәселен, Ресейдің ІЖӨ жөніндегі болжамы жақсарды. Ресейдің ІЖӨ-сі бұрынғы есептегі 6,6%-ға төмендеуге қарсы қазіргі уақытта 4,1%-ға, төмендейді деп болжануда. Қытай экономикасының өсу қарқыны 1,9% деңгейінде болжануда, бұл алдыңғы болжамнан 0,9 п.т. жоғары. ҚХР экономикасын қалпына келтіруді жалғастыру 2020 жылғы 3-тоқсанда ІЖӨ-ні 4,9%-ға дейін жеделдету туралы жақын арада жарияланған статистикамен расталады.

Қазақстанның ІЖӨ серпіні бойынша ХВҚ-ның 2020 және 2021 жылдарға арналған болжамы өзгерген жоқ және тиісінше ( - ) 2,7% және (+)3% - ды құрайды.

Ішкі валюта нарығында жағдай және негізгі ерекшеліктері

CОVID-19-бен ауырғандар санының өсуі аясында ішкі нарықта шетел валютасына деген үлкен сұраныс байқалмайды. Валюта нарығындағы сауда-саттық көлемі карантиннен кейінгі кезең шегінде күніне 90-130 млн АҚШ долларында қалады.

Күзгі кезеңде бағамның өспелі құбылмалылығы туралы

Айтып өткеніміздей теңге бағамы іргелі факторлардың серпініне қарай қалыптасады. Күзден бері ұлттық валюта серпініне арзандап бара жатқан мұнай мен дамушы елдердің валюталары үшін тәуекелдердің күшеюі аз да болса әсер етуде.

Энергия тасымалдаушылар нарығы коронавирустың екінші толқыны бойынша күтілетін шығасыларды бағаларға қоса бастады, сондықтан қыркүйектің басынан бастап бір баррель үшін мұнай бағасы $45,6-дан $42,3-ға дейін төмендеді. Осы кезеңде дамушы елдердің валюталарына да қысым көрсетілді. Мысалы, АҚШ долларына қатысты түрік лирасы 7,3%-ға, рубль 5,2%-ға, бразилия реалы 2,2%-ға әлсіреді.

Жалпы, теңгеге қатысты құбылмалылықтың қалыпты нарықтық жағдай болып табылатынын байқауға болады. Нарық іргелі факторлардың серпініне және сауда-саттықтағы сұраныс пен ұсынысқа қарай қалыптасады, онда нарық ойыншылары шетел валютасына қажеттілікке байланысты бағам белгілеу процесіне қатысады.

Ұлттық Банк айырбастау бағамының жай-күйіне мониторингті жалғастыруда және бағам тұрақсыздана отырып, күрт өскен жағдайда, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін араласуға дайын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: