Оралда үш рет өзгенің көлігін айдап кеткен бала бұл іске кімнің итермелегенін айтты

uber.kz uber.kz
Баланың ісін кәмілетке толмағандар комиссиясының жиынында қарады.

Оралда екінші сынып оқушысы Коляның ата-анасын ата-ана құқығынан айыруы мүмкін, деп жазады Stan.kz.

Баланың ісін кәмілетке толмағандар комиссиясының жиынында қарады. Жиында қала әкімінің орынбасары төрағалық етті.

Жиын шешіміне сәйкес, баланың ата-анасы әкімшілік жауапқа тартылмақ. Оқиға енді қайталанатын болса, ата-ана құқығынан айырмақ.

Коля бұл іске өзінен 4 жас үлкен Никита есімді баланың итермелегенін айтты.

«Никита маған көлікке отыр деді. Өзі отырған жоқ. Мен отырдым да, айдап кеттім. Мен мұның дұрыс емес екенін білем. Екінші қайталанбайды деп уәде берем», – деді Коля.

Баланың әкесі үш көлік иесіне өтемақы ретінде 1 млн 400 мың теңге төлеуі тиіс болды. Қалалық білім басқармасы баланы техникалық үйірмелерге мұғалімнің қадағалаумен қатыстыруға тапсырма берді.

Естеріңізге сала кетейік, 8 жасар бала 6 тамыз күні өзгенің көлігін айдап қашамын деп жол апатын жасаған болатын. Ал, екінші рет 9 тамызда «Теремок» дүкенінің жанында тұрған «Тойота» маркалы шағын автобусты ұрлап кетіп, көпірдің астындағы бағана барып соғылды. Үшінші жолы Hyundai автокөлігін ұрлап айдап Штыбы көшесінің жөндеу учаскесінде орнатылған «бетон блоктарға» соғылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз