Жаңалықтар тізбегі
0

Елордада мас азамат өзгенің көлігін айдап кеткен

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2023 11:37 Сурет: Zakon.kz
Полицияға елорда тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу оның автокөлігін айдап кеткені жайлы арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, ол көлігін оталған күйі есік алдында қалдырып, өзі Алматы ауданындағы мейрамханалардың біріне кіріп кеткен.

Көп ұзамай сыртқа шыққанда көлігінің орнында жоқ екенін көрген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы ауданының полиция қызметкерлері көлікті айдап кетуге қатысы бар деген күдікпен 41 жастағы қала тұрғынын анықтады.

Тергеу барысында түнгі уақытта ер адам масаң күйде такси қызметін пайдалану үшін мейрамхананың алдында тұрған автокөлікке тақалғаны анықталды.

Есігі ашық қалған көлікте жүргізушінің жоқ екенін және кілттерінің ішінде жатқанын көрген қаскүнем темір тұлпарды айдап әкеткен.

Ер адам бір көшедей жүріп өткен соң автокөлікті жол бойында қалдырып, өзі белгісіз бағытта кетіп қалған. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Елорда аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: