Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Бас прокуратура көмір бағасының өсу себебін тексереді

Облыс прокурорларына жылу беру маусымы қарсаңында және кезінде көмір бағасының бағалаусыз және негізсіз өсуіне жол бермеуді қамтамасыз ету тапсырылды.

Сурет : ҚазАқпарат15 Тамыз 2018, 12:18

ҚР Бас прокурорының тапсырмасымен халықтық құқығы мен мүддесін қорғау мақсатында көмір өндіру және оның айналымы саласындағы заңдылықтың жай-күйіне сараптама жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бас прокуратураға көмір саудасы саласындағы жекелеген нарық субъектілерінің тарапынан басым және монополиялық жағдайды асыра пайдалануы, олардың бәсекеге қарсы әрекеттер жасауы, көп деңгейлі делдалдық құрылымдарды пайдалануы, соның салдарынан қатты отын құнының көтерілуі туралы ақпараттар түсіп жатыр»,- деп атап өткен ведомстводан.

Таратылған ақпаратқа қарағанда, нарықтың ортан қол субъектілерінің ымыраласу фактілерін анықтау және жолын кесу жұмыстары басталып кеткен.

«Бұған қоса, облыс прокурорларына жылу беру маусымы қарсаңында және кезінде көмір бағасының бағалаусыз және негізсіз өсуіне жол бермеуді қамтамасыз ету тапсырылды», - делінген Бас прокуратура ақпаратында.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер