Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Өскеменнің әкімі қызметінен кетті

Бірнеше күн бұрын облыс әкімі Даниал Ахметов шаһар басшысына қызметтен өз еркімен кетуді ұсынған болатын.

Сурет : altaynews.kz16 Тамыз 2018, 12:56

Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев облыс әкімі Даниал Ахметовтің сынынан кейін қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Риддердегі бозбаланың өліміне әкеп соқтырған көлік апатына қатысы бар делінген қала басшысы ресми түрде өзін қызметінен босату туралы өтініш жазғаны мәлім болды. Одан сәл бұрын Қуат Тұмабаев өзінің «Фейсбук» парақшасында Өскеменнен Семей қаласына шыға берістегі Қабанбай батыр ескерткішінің суретін салып, «Саған әлі келермін» деп жазған болатын.

Бірнеше күн бұрын облыс әкімі Даниал Ахметов шаһар басшысына қызметтен өз еркімен кетуді ұсынған болатын.

«Меніңше, Қуат Тұмабаевтың осындай жоғары лауазымда отыруға моральдық құқығы жоқ. Мен оған өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазуды ұсындым» - деген Даниал Ахметов.

Айта кетейік, 2018 жылдың 15 сәуірінде Қуат Тұмабаев Риддерде адам қаққан шенеуніктің көлігінде болған. Кейін ол сот алдында жол апатының куәгері ретінде жауап берген. Ал Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің этика жөніндегі кеңесі Өскеменнің экс-әкімін қызметіне толықтай сәйкес емес деген мәлімдеме жасаған.

«Қуат Тұмабаев 13 тамыз күні өзін қызметінен босату туралы өтініш жазды. Оның лауазымынан босатылуы Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурызда шыққан «Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадрлық саясаттың кейбір мәселелері туралы» №828 жарлығы негізінде орын алды, - дейді ШҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Қазір қала әкімінің міндетін орынбасары Ольга Булавкина атқаруда.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер