ШҚО-да Ленин ескерткіші құлатылған аудан әкімі қызметінен кетті
Ернар Мұстафин 2022 жылдың қыркүйегінде аудан басшысы болып тағайындалған. Ол 8 қыркүйек күні Facebook парақшасында қоштасу жазбасын жазды.
"Құрметті Алтай өңірінің тұрғындары! Мен Алтай аймағының әкімі ретіндегі жұмысымды аяқтап жатырмын. Қызметімде тез, кейде төтенше шешімдер табуға тырыстым және әрқашан сіздердің қолдауларыңызды сезіндім. Өңірде қордаланып қалған кейбір мәселелер шешімін тапты. Басқаларын жою үшін біраз уақыт қажет", - деп жазды ол.
Сонымен қатар ол ардагерлер кеңесіне, ақсақалдарға, депутаттарға, БАҚ өкілдеріне, кәсіпкерлерге, әріптестерге және барша тұрғындарға қолдауы, түсіністігі, ықыласы үшін алғысын білдірді.
"Жалпы маған тамаша адамдармен, әріптестеріммен жұмыс істеу бақыты бұйырды. Сіздерге алдағы уақытта да облыс тұрғындарының игілігі үшін идеялар мен жобаларды жүзеге асыруға шын жүректен тілектеспін. Алтайда жұмыс істеген кезең менің есімде жақсы сақталады. Баршаңызға зор денсаулық, амандық, сәттілік, ал ауданға одан әрі өркендеу тілеймін". Ернар Мұстафин
Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында Ленин ескерткішінің құлауына қатысты қылмыстық іс қозғалған еді. 15 тамыздан бастап Алтай ауданының орталық алаңында қайта жаңғырту жүргізіліп жатыр. Жобада Ленин ескерткішін жаңарту да қарастырылған. Ескерткіш тұғыры бөлшектелген. Мердігердің айтуынша, тұғыр мүсінге зақым келтірмеуі үшін алып тастауды ұсынған. Алайда жұмыс барысында ескерткіш "өзі құлаған". Осы уақытта әлеуметтік желіде Ленин ескерткішінің жүк тиегіш шелекпен ілініскені бейнеленген видео пайда болды.
YK-news.kz-тің хабарлауынша, Ренат Құрмамбаев Алтай аймағының әкімі қызметін уақытша атқарады.