Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Google қолданушыларды рұқсатсыз бақылайтынын мойындады

Қазір Google табысы 100 млрд доллар болатын Alphabet холдингінің бір бөлігі.

Сурет : sputniknews.kz17 Тамыз 2018, 10:45

Google корпорациясы қажет кезде адамдардың рұқсатынсыз оларды смартфондары арқылы бақылап отыратындарын айтты, деп жазады sputniknews.kz.

Аталған басылымдағы дерек бойынша, Google сайтында тұрған анықтамада олардың адам рұқсат берген кезде ғана бақылау жасайтыны туралы жазылған. Яғни сіз бұл қызмет түрін смартфоныңызда өшіріп қойсаңыз, қайда жүргеніңіз туралы мәлімет аккаунтта сақталмайды. Нәтижесінде Google анықтамадағы осы пунктіні өзгертті. Енде ол жерде келесідегідей жазылған: "Адамдар "Іздеу" немесе "Карта" қызметтерін пайдаланатын болса, қайда жүргеніне қатысты мәліметтер аккаунтта сақталады".

Google — онлайн-қызметтер мен жоғары технологиялық өнімдерді шығарумен айналысатын, интернет пен жарнамалық технологияларға инвестиция салатын америкалық корпорация.

Компания алғаш рет жекеменшік кәсіп ретінде 1998 жылы қыркүйекте тіркелген. Оның негізін Ларри Пейдж бен Сергей Брин салған. Қазір табысы 100 млрд доллар болатын Alphabet холдингінің бір бөлігі. Штаб-пәтері Маунтин-Вьюде орналасқан.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер