Ақышев: Айырбастау пункттерінде шетел валютасы жеткілікті
7Kun.kz
Қазір доллар бағамы бір долларға 331 теңге 20 тиынды құрайды.
ҚР Ұлттық Банк Төрағасы Данияр Ақышев айырбастау пункттеріндегі шетел валютасы жеткілікті, ешқандай да дүрбелең жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Айырбас бекеттерінде шетел валютасы жеткілікті. Ешқандай да дүрбелең жоқ. Валюта айырбастау бекеттерінде қызмет көрсетілмей жатыр деген шағымдар түскен жоқ. Валюта мен теңге жеткілікті. Теңге әлсіреумен қатар, нығаятыны белгілі. Мұнайдың жоғары бағасы мен басқа да жағдайлар теңгенің нығаюының әлеуеті айтарлықтай жоғары екенін аңғартып отыр», - деді ҰБ басшысы Мәжілістің жалпы отрысынан кейін журналистерге.
Данияр Ақышевтың сөзіне қарағанда, қазіргі кезде теңге бағамы жыл басындағы деңгейге жақындады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript