Ақмола облысында жауған бұршақ егінді жапырып кетті

sputniknews.kz sputniknews.kz
Ақмола облысында бұршақ жасыл желектерді жапырып, электр беру желілерінің сымдарын үзді.

Ақмола облысында жексенбі, 19 тамыз күні бұршақ аралас қатты жаңбыр жауды деп жазады sputniknews.kz.

Әлеуметтік желі қолданушылары Аршалы ауданында электр сымдарын үзіп, елді мекендерді жарықсыз қалдырған ірі бұршақтың суретін жариялап жатыр.

Табиғаттың дүлей күші үй іргесіндегі телімдердегі егінді жапырып кетті.

Бурабай курортында да найзағай ойнап, нөсер жауын жауды. Өңірде температура +12-ге дейін төмендеді.

Синоптиктер бүгін, 20 тамыз күні табиғат апаты болуы мүмкін екенін ескертеді.

Көрші Солтүстік Қазақстан облысында да ауа райы бұзылды. Мұнда жексенбіден бері дауылды ескерту жарияланған, жаңбыр, бұршақ жауып, жел күшейеді деп болжанып отыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз