Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 8 адам көз жұмды

sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.08.2018 15:13 sputniknews.kz
Екі автокөліктің соқтығысу кезінде біреуі өртеніп кетті, бір әйел ғана аман қалды.

Алматы облысында BMV мен Opel Vectra-ның соқтығысуы кезінде сегіз адам көз жұмды, біреуі ауруханаға жатқызылды деп жазады sputniknews.kz.

Жол апаты 20 тамыз күні таңертең Алматы — Екатеринбург автожолының 385-м километрінде, Жамбыл ауданының Үлкен ауылына жақын маңда болды. Соқтығысу кезінде автокөліктердің бірі өртеніп кетті.

Қаза болған адамдардың арасында кішкентай бала бар. Көлік апатынан жас келіншек аман қалды, ол әрт түрлі дене жарақатымен Қарағанды облысы Приозерск ауруханасына жатқызылды.

Алматы облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растап, жол-көлік оқиғасы дерегі негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

"Адамдардың қаза болу фактісін ескере отырып, тергеуді облыстық анықтау басқармасы өндіріске алды", — деп хабарлады облыстық полиция.

Түрлі сараптама тағайындалды, анықтаушылар мұндай жағдайларда қолға алынатын қажетті іс-шараларды жүргізіп жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: