Павлодар облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам қайтыс болды
Рavlodarnews.kz
Үш ер адамның ішінде рөлді тізгіндеген азаматтың ғана құжаты болған.
Павлодар ауданы Чернорецк ауылының жанында, «Омбы – Майқапшағай» тас жолында, облыс орталығынан 40 шақырым қашықтықта жол апаты орын алды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
- Бүгін 6-ақпанға қараған түні сағат 1.35-те жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысқан. Салдарынан үш адам көз жұмды. Автомобильдің жүк көлігінің астына кіріп кетуі нәтижесінде екі адамның денесі қысылып қалған. Сондықтан оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағы мен медициналық апаттар орталығынан алты адам мен екі техника шықты, - деді департаментте.
Баспасөз қызметі мамандарының айтуынша, бүгінгі таңда жол көлік оқиғасының құрбаны болғандардың кім екені анықталуда. Үш ер адамның ішінде рөлді тізгіндеген азаматтың ғана құжаты болған. Дегенмен бұл құжат жыртылып қалған.
Аталмыш жол көлік оқиғасына қатысты облыстық ішкі істер департаментіне сауал хат жолданды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript