Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Павлодар облысында сұйытылған газ тапшы

Кішігірім және үлкен баллондардағы пропандар еркін түрде сатылып жатыр.

Сурет : www.inform.kz22 Тамыз 2018, 15:45

Павлодар облысында жанармай құю бекеттері сұйылтылған газды тек талонмен сатуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нарықта отынның тапшылығы қатты сезіліп жатыр. Кейбір компаниялар газды талон арқылы сатуда. Яғни қолма-қол сатып алу үшін көптеген кедергілер туындайды. Адамдар бізге хабарласып қайдан алуға болатынын сұрап жатыр, алайда біз бұл мәселеге ешқандай ықпалымызды тигізе алмаймыз, себебі өндіруші - біз емес», - деді «Блю стар» отын компаниясының өкілі Жадыра Мәкенова.

«ИнтернснабГаз» ЖШС отын компаниясы басшылығының айтуынша, сұйытылған газдың жетіспеушілігі «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-нің жөндеу жұмыстарына уақытша тоқтатылуынан туындап отыр.

«Зауыттың жұмысы тоқтап қалған соң газдың жөнелтілуі де доғарылды. Әрине, үлгергендер артығымен алып қойды, қалғандары газсыз қалды. Қазір көптеген жанармай құю бекеттерінің жұмысы тоқтап тұр, себебі ондағы жанармай құятын ыдыстар каңсырап қалған. Кейбір жанармай стансалары жұмыс жасап тұр, дегенмен оларда бір-екі күнге ғана жететін газ бар», - деді кәспорын директоры Владимир Комаров.

В. Комаровтың айтуынша, Павлодар мұнай-химия зауытының жөндеу жұмыстары аяқталып, қайта іске қосылғанымен, толық технологиялық режимге кем дегенде бір аптадан кейін ғана көше алады. Сондықтан 27 тамызға қарай жағдай бір қалыпқа келуі мүмкін.

«Әзірге қатаң түрде шарттық міндеттеме негізінде немесе талондармен жіберетін боламыз. Біз «Қазпошта», «Казақтелеком», «Алюминий зауыты», «КЭЗ» сынды ірі мемлекеттік және жеке ұйымдарға, жедел жәрдем стансасына, сондай-ақ, Екібастұздың бірқатар өнеркәсіп мекемелеріне қызмет көрсетеміз», - деді «ИнтерснабГаз» ЖШС басшысы.

Сонымен қатар, компанияда нарық бойынша сұйылтылған газға қатысты ешқандай мәселе туындамағанын жеткізді. Кішігірім және үлкен баллондардағы пропандар еркін түрде сатылып жатыр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер