Жаңалықтар тізбегі
0

Жаңа оқу жылында үш миллионнан астам оқушы мемлекеттік мектептерге барады — ҚР БҒМ

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.08.2018 22:05 primeminister.kz
Бақылау жұмыстары ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаевқа жүктелді.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2018/19 оқу жылының басталуына дайындық барысы туралы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев баяндады. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Білім және ғылым министрлігі облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп білім беру ұйымдарын жаңа оқу жылының басталуына дайындау жұмыстарын жүйелі негізде жүргізіп жатыр.

Мәселен, республикада 898,4 мың баланы қамтитын 10 311 мектепке дейінгі білім беру ұйымы бар, оның 6727-сі – мемлекеттік, 3584-і – жеке меншік. Күрделі жөндеу 99 балабақшада жүргізілуде, оның ішінде: жылыту жүйесі – 2, шатыр – 15, жалпы құрылыс жұмыстары – 78, қазандық – 4.

«99 балабақшаның 72-інде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Қалған балабақшада жөндеу жұмыстарын 31 тамызда аяқтау жоспарланған. Жалпы жергілікті бюджет қаражаты есебінен 1,3 млрд тг сомасына 1662 балабақшада жөндеу жұмыстары жүргізілді», — деп баяндады министр Е. Сағадиев.

Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша 3 млн-нан астам бала 7024 мемлекеттік мектепке барады. 350 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа баратыны болжанған. Жаз кезінде 21 мектеп ашылды. Республикалық бюджет қаражаты есебінен 110 мектеп салынып жатыр, оның ішінде 72-сі биыл пайдалануға беріледі. Жергілікті бюджет есебінен 94 мектеп, 29 мектепке қосалқы құрылыс салынып жатыр. Оның 17 мектебі мен 15 қосалқы құрылысы пайдалануға берілген. Сонымен қатар, 166 мектепте жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Мектептердің өртке қарсы қауіпсіздігі жайында айтар болсақ, жалпы 4 млрд тг астам сомаға оттан қорғау, өрт сөндіргішті толтыру, автоматтандырылған өрт сөндіру жүйесін жөндеу жұмыстары жүргізілді.

3, 6, 8 сынып оқушыларына оқулықтар сатып алу үшін 28,6 млн теңге бөлінген. Министрлік оқушылардың жеткізілуіне күн сайын мониторинг жасайды. 20 тамыздағы жағдай бойынша баспалардан оқулықтарды жеткізу 82,7% құрады. Сонымен қатар, тегін ыстық тамақпен 275 876 адамды қамтамасыз ету жоспарланған. Бұл жекелеген білім алушы санаттарының 95,2%-ын құрайды.

«Жергілікті бюджеттердің және демеушілік көмек есебінен тегін ыстық тамақтандырумен 495 086 мектеп оқушысы немесе оқушылардың 17,6% және 9535 бала, оның ішінде әлеуметтік тұрғыдан әлсіз отбасылардан шыққан балалар мен бастауыш сынып оқушылары тегін буфеттік тамақпен қамтамасыз етіледі. Қалған оқушылардың мектепте тамақтандырылуын жергілікті атқарушы органдар ата-аналар есебінен ұйымдастырады. Республиканың үш аймағында әкімдердің бастамасымен тегін ыстық тамақтандыру бастауыш сыныптардың барлық оқушылары үшін ұйымдастырылған», — деді Е. Сағадиев.

Мектептері жоқ ауылды елді мекендерде тұратын мектеп жасындағы балалар үшін тасымалдау 24 048 (98%) балаға ұйымдастырылған, оның ішінде 20 640 бала мектепке дейін және кері қарай күнделікті тегін жеткізумен қамтылды, 3408-і мектеп жанындағы интернаттарда тұрады.

Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша, республикада 824 колледж жұмыс жасайды, колледждердің контингенті — 489,2 мың адам. Биыл 8 колледж ашу көзделген (5 — мемлекеттік және 3 — жекеменшік). Мемлекеттік тапсырыспен қабылдау жоспары 100 мың орынды құрайды, оның 70% техникалық, технологиялық және ауыл шаруашылығы мамандықтарына бөлінген.

Қазақстанда 131 жоғары оқу орны жұмыс істейді: 10 — ұлттық, 31 — мемлекеттік, 18 — акционерлік, 14 — азаматтық емес, 1 — ДБҰ, 1 — халықаралық, 56 — жеке меншік. 2017–2018 оқу жылында білім алушылардың саны — 534 421 адам.

Мектептерде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру және балаларды мектепке жеткізу жағдайлары туралы Алматы облысының әкімі А. Баталов және Түркістан облысының әкімі Ж. Түймебаев баяндады.

Мәселені қарау қорытындысы бойынша Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев жаңа оқу жылының басталуына бір апта уақыт қалғанын атап өтті. Бұл мәселелердің барлығын 1 қыркүйекке дейін шешу қажет.

Осыған орай, әкімдерге білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына даярлығын, жөндеу жұмыстарын уақытылы аяқтау мәселелерін жеке бақылауға алуды тапсырды.

Білім және ғылым министрлігіне жаңа оқу жылына мектептердің сапалы даярлығын бақылауды жалғастыру қажет. Мектептерді оқулықтармен қамтуды ерекше бақылауға алу тапсырылды.

Бақылау жұмыстары ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаевқа жүктелді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: