Жаңалықтар тізбегі
0

Трактордың астында қалған қыз араша сұрайды

otyrar.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2018 21:24 otyrar.kz
Басынан қатты жарақат алған бойжеткен ажал үстінде жатқанда да, артынан кешірім сұрап ешкім келмепті.

Ажалмен бетпе-бет күрескен Жанерке Ерген небәрі 17 жаста. Жазғы демалысында анасына қолқанат болуды көздеген жасөспірім, егістік алқабына шығып, жалданып жұмыс істеген. Қауын терімінде тракторшының айтқанын істеймін деп, алып техниканың астында қалған деп жазады otyrar.kz.

Басынан қатты жарақат алған бойжеткен ажал үстінде жатқанда да, артынан кешірім сұрап ешкім келмепті. Есесіне, анасынан «арызыңды қайтып ал» деп қоқандайтындар көбейген.

Тілге енді келе бастаған Жанерке, оқиға туралы сұрай қалсаңыз, жылап қоя береді. Дірілдеген денесін игере алмай, мұрнынан қан кетті. Алдын, жағдайы жақсарып келеді деп қарсы алған ақ халаттылар абдырап қалды. Аурухана төсегіне таңылғалы психолог жұмыс істемегені көрініп-ақ тұр.

Жанерке Ергеннің аурухана төсегіне таңылғанына жиырма күннен асты. Алғашқыда ауыр халде жеткізілген жасөспірімнің жағдайы қазір де мәз емес. Басынан қатты жарақат алған. «Ол ұзақ уақыт ем-домды қажет етеді» дейді дәрігерлер.

Тимур Ахмедов, емдеуші дәрігері: «Басынан қатты соққы алған. 1-тамыз күні түсті, жансақтау бөлімінде жатты. Қазір жеке палатаға шығарылып, күтушісі ретінде қасына анасы жатқызылды. Жағдайы бірқалыпты, орташа. Көп күтім керек. Ертең ауруханадан шықса да, невропотологтың қадағалауында болады».

Қызының аянышты күйде жатқаны анасының жанына батады. Егістік алқапқа амалы жоғынан шығарғанын да жасырмайды. Трактор жүргізушісінің бейғамдығынан, тіркеменің астында қалды деп отыр. Құлағындағы құлаққап қасындағылардың «Тоқта»деп айқайлағанын да естіртпеген. Екі балоны басын жаншып өткен.

Гүлмира Өтембаева, Жанеркенің анасы: «Маған келіп, арызыңды қайтып ал, кешірім бер дейді. Мен қалай кешірім беремін? Қызым ауруханада жатыр. Жағдайы болса — анау. Мен олардан ақша сұрағаным жоқ, тек қызымды аяғынан тұрғызып бер деп отырмын. Қазір келіп, жағдайын сұрамаған соң, қолхат бер дедім, оны ноториус арқылы заңдастырайық дедім».

«Трактор жүргізушісі адам басты деп сезініп отырған жоқ» дейді анасы. Алдына келіп, кешірім сұраудың орнына, туыстарымен келіп, «арызыңды қайтып ал» деп шу шығарады екен. «Ем-домына көмектес, аяғынан тік тұрғызып бер» деген талабын орындаудан бас тартқан.

«Баламды қалай болса да шығарып аламын. Сенің қызыңның еміне кеткен ақшаны полицияға беріп, шығырып аламын» дейді. Дәрігерлерге де жолықпаған. Сосын оны шығарамыз деп отыр. Қазір бәріне шай-пұл беру керек» — дейді Жанеркенің туыстары.

Ал тракторшы жігітпен жолығу мүмкін болмады. Тек жақын туысы кешірім сұрап бармаймыз деп бекінгендерін жеткізді.

Юсуп, трактор жүргізушісінің туысы: «Тракторға мінбе десе, жүгіріп мінген. Қыз да, мамасы да, егістік басындағы бригадир де кінәлі. Баланың да кінәсі бар ғой. Бізден ақша сұрады, 1 млн. теңге. Сол дұрыс па? Енді бармаймыз кешірім сұрап, сотқа берсін, қызы тірі ғой».

Бұл оқиға бойынша тергеп тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Прокуратура да өз қадағалауына алды. Біздің сұраныс хатқа облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының мамандары жауап жазды. Хатта «Аталған жол-көлік оқиғасы Мақтарал АІІБ 1 ПБ-де СДТБТ-ға тіркелген. Қазіргі таңда анықтаушылармен ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуі барысында ҚР заңына сәйкес сот медициналық сараптама тағайындалып, қорытындысына сәйкес нақты процессуалдық шешім қабылданады», — делінген.

Айта өтейік, Жетісайдағы егістік алқапта жалданып жұмыс істеп жүрген жалғыз Жанерке емес. Ала жаздай ата-анасына қолқанат болуды көздеген әр екінші үйдің баласы қауын жинап, мақта шауып, бақша өнімдерін жинайды. Сұрап білгеніміздей, бір күндік жұмыстың ақысы 2 -5 мың теңге аралығында. Балалардың қауіпсіздігін қадағалап, ауыр жұмысқа тартылмауының алдын алып жатқан ешкім жоқ.

Ардақ Жақсылықова

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: