Шымкентте "алып қашуға" көнбеген қыз терезеден секірді
h3.googleusercontent.com
Бойжеткен ауыр жарақат алды.
Шымкентте осындай қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды zakon.kz.
Жараланған қыздың жамбас, омыртқа сүйектері сынып, оған қоса, ол басқа да ішкі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады куәгерлер.
otyrar.kz басылымының ақпаратынша, қазір қыздың жағдайы қалыпты.
Дәрігерлер қолдан келген көмегін жасауда, қыз енді мүгедек болып қала ма – оны дәрігерлер әзірге айта алмай отыр.
Полицейлер тергеуге кірісті.
Енді қызды алып қашқан "күйеу балаға" бірнеше бап бойынша айып тағылуы мүмкін: өзіне өзі қол салуға дейін жеткізу, адамды бостандығынан заңсыз айыру, тіпті зорлау бабы да пайда болуы мүмкін.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript