Солтүстік Кипрдегі супермаркетте 22 жастағы қазақстандық бойжеткен ауыр жараланды

Нападение с ножом, поножовщина, нож, ножевое ранение, ножевые ранения, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2026 16:02 Фото: pixabay
Солтүстік Кипрдегі супермаркеттердің бірінде 22 жастағы қазақстандық бойжеткен ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Белгілі болғандай, 2026 жылғы 3 тамызда ер адам бойжеткенге пышақпен шабуыл жасап, кейін өзіне де жарақат салған. Екеуі де ауруханаға жеткізілді.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі редакция сауалына берген жауабында бұл оқиғадан хабардар екенін мәлімдеді.

"Қазіргі уақытта қазақстандық дипломаттар оқиғаның мән-жайын анықтап, жергілікті құзырлы органдармен байланыс орнатып отыр. Ресми мәліметтер түскен сайын қосымша ақпарат беріледі", – деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Сондай-ақ бұл мәселе министрліктің бақылауында екені айтылды.

Шілде айының соңында Сербия астанасында қазақстандық әйелдің қаза тапқаны белгілі болған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: