Қазақстан күрестен Түркиядағы халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды

Қазақстан күрестен Түркиядағы халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2026 17:05 Сурет: UWW
Қазақстандық балуандар еркін және грек-рим күресінен Коджаэлиде (Түркия) өткен халықаралық турнирде жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандастарымыз екі күміс, бір қола медаль жеңіп алды.

Грек-рим күресінен Бақытжан Қабдыл 63 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанды.

Еркін күрестен Аллан Оралбек (61 келіге дейін) күміс алса, Диас Сағдатов (79 келіге дейін) қола медаль еншіледі.

Айта кетейік, турнирге 24 елден 433 спортшы қатысты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: