Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Алматы облысының тұрғыны екі адамды өлтірді деген күдікпен ұсталды

Оқиға кеше, 22 тамыз күні, Көксу ауданында болған.

Сурет : ҚазАқпарат23 Тамыз 2018, 16:48

Алматы облысының полицейлері екі адамды өлтірді деген күдікпен 31 жастағы ауыл тұрғынын қамауға алды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға кеше, 22 тамыз күні, Көксу ауданында болған. Таулы аймақтағы қыстақтардың біріндегі шаруа қожалығында қинап өлтіру белгілері бар 23 жастағы ер адам мен 16 жастағы жасөспірімнің мәйіттері табылған.

Аса ауыр қылмысты осы шаруа қожалығының 31 жастағы жұмысшысы жасады деген күдікке ілініп отыр.

«Факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-тармақшасы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Тергеу барысында факті бойынша жүргізілуі тиіс әрекеттер кешені толық іске асырылады. Оқиға орнында балта табылып, тәркіленді. Ол айғақ зат ретінде қылмыстық тергеу материалдарына тіркелді. Күдікті Көксу ауданы полициясының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды», - деп хабарлайды Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.



Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер