Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Гавайи аралдарына Лейн дауылы қатер төндіріп тұр

Қазіргі таңда адамдарды еріксіз эвакуациялау шаралары жүргізіліп жатқан жоқ.

Сурет : www.inform.kz24 Тамыз 2018, 14:21

Бейсенбі күні Гавайиге қатар төндіріп тұрған Лейн дауылының деңгейі үшінші санатқа дейін төмендеді. Осы уақытта қатты жауған нөсер жауын Үлкен аралдың кей аудандарын шайып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Гонолулу Ұлттық метеорологиялық қызметіне сілтеме жасап.

Дауылдың эпицентрі Гоноглулудан 331 қашықтықта орналасқан. Эпицентрдегі дауылдың жылдамдығы сағатына 201 шақырым. Метеоқызметтің мәліметінше, бір тәулік ішінде Үлкен аралдың солтүстік-шығысына 50 см жауын-шашын түскен.

«Қазіргі уақытта Гавайиде 300 мыңнан астам турист бар», - деді сенатор Мази Хироно бейсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында.

Гонолулу мэрі Кирк Колдвеллдің айтуынша, Оаху аралында кеш батқанға дейін бас сауғалайтын жер іздейтіндер үшін сағат 16:00-де дабыл жүйесі іске қосылады.

Қазіргі таңда адамдарды еріксіз эвакуациялау шаралары жүргізіліп жатқан жоқ.

«26 жылда елге алғаш рет қатер төндіріп тұрған және алапат дауыл жұма күні үлкен аралдарға жақындай түсуі мүмкін», - делінген Тынық мұхитының орталық аумақтарындағы дауылдар жөніндегі орталықтың хабарламасында.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер