Астанада үйінді астынан әйел мен баланың мәйіті табылды

sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2018 22:58 sputniknews.kz
Қазіргі таңда "Оңтүстік-Шығыс" шағын ауданындағы өрт сөндірілді, үйінділерді аршу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Астананың төтенше жағдайлар департаменті "Оңтүстік-Шығыс" шағын ауданындағы өрт кезінде адам шығыны болғанын хабарлады, деп жазады sputniknews.kz.

"1994 жылы туған қыз зардап шекті. Ол оң жіліншігін сындырып алған, №1 қалалық ауруханаға жатқызылды. Өрттен кейін үйінділерді қарау барысында әйел мен баланың мәйіті табылды", — деп хабарлады құтқарушылар.

Өрттің себебі анықталып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада "Оңтүстік-Шығыс" шағын ауданындағы үш қабатты коттедж өртенді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: