Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада үйінді астынан құтқарылғандардың денсаулығына қатысты түсінік берілді

ktk.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2018 20:36 ktk.kz
Қазіргі таңда зардап шеккендердің денсаулығы орташа, тұрақты деп айтуға болады.

Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы үйінді астынан құтқарылғандардың денсаулығына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеше, 1 тамыз күні сағат 19:55-де жедел жәрдем пунктіне Балқантау көшесіндегі салынып жатқан үй құрылысының құлауының салдарынан зардап шеккендер бар деген қоңырау түсті. Оқиға орнына шұғыл жеткен жедел жәрдем жарақат алған үш жұмысшыны қалалық №1 ауруханаға жеткізді. Қазіргі таңда зардап шеккендердің денсаулығы орташа, тұрақты деп айтуға болады. Медициналық көмек көрсетілді. Үшеуі де аурухананың бейінді бөлімінде ем алып жатыр», - деді Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айгерім Ардақ.

Айта кетейік, 1 тамыз күні сағат 19-55-те Астана қаласы Алматы ауданындағы Балқантау, 171 мекенжайында тұрғызылып жатқан қос қабатты коттедждің бірінші және екінші қабатын жалғап тұрған еден жабыны опырылып құлап түскен. Салдарынан үш жұмысшы үйінді астында қалып қойған. Құтқарушылар 1970 жылғы және 1983 жылғы азаматтарды үйінді астынан қазып алды. Екеуі де аман. Сосын үшінші жұмысшы да құтқарылды. Зардап шеккендер тез арада ауруханаға жеткізілген болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: