Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада әлеуметтік желідегі онлайн-танысудың соңы телефон ұрлаумен аяқталды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2023 11:09 Сурет: ҚР ІІМ
Көбінесе ұрлыққа ұрынған адамдар өздерінің немқұрайлылығынан зардап шегетінін айтуға болады.

Мәселен Нұра ауданының полиция басқармасына 49 жастағы астаналық әйел өтініш білдіріп, ұрлық туралы хабарлаған.

Әйел азаматша Instagram әлеуметтік желісінде 44 жастағы ер адаммен танысқанын айтып, қысқа виртуалды қарым-қатынастан кейін әйел жаңа танысын үйіне қонаққа шақыруды шешкен.

Кездесу кезінде екеуі ішімдік ішіп, әйелдің ұйықтағанын күткен қонақ құны шамамен 150 мың теңге тұратын Redmi телефонын алып, ізін суытқан.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар қала тұрғынын анықтап, ұрланған телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, оның елорда аумағында бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: