Атбасарда кәріз құдығынан нәрестенің мәйіті табылды

Sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.02.2018 16:05 Sputniknews.kz
Мәйітті коммунальдық қызметтің жұмысшысы тауып алған, "Кісі өлтіру" бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Атбасар қаласында кәріз құдығынан өлген нәресте табылды, қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.

Атбасар АІІБ кезекшілік бөліміне 7 ақпан күні сағат 11.50-де "Атбасар Су Арнасы" МКК жұмысшысынан хабарлама түскен.

"Жұмысшы Атбасар қаласының кәріз құдығында монтаж жұмыстарын жүргізу кезінде қыз баланың мәйітін тауып алған. ҚР ҚК 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сот-медициналық сараптама белгіленді",- деп хабарлады ІІД.

Полиция атап өткендей, аталған қылмысты ашуға бағытталған іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: