Қайыққа адамдар тек сауық үшін мінген – Астана қаласының ІІД

elorda.info elorda.info
Аталған жол участкесінде сол уақытта басқаруға келмейтін жол қозғалысы болды.

Астана қаласының ІІД нөсер жаңбыр жауған күні суға толы көшеде резиналық қайықпен қатынаған екі астаналыққа не себепті әкімшілік айыппұл салынғаны туралы түсіндірді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«20 тамызда елордада Момышұлы даңғылында сағат шамамен 19.00 кезінде үрленген резиналық қайықта екі астаналық жол бойымен жүрді, осылайша өз өмірлері мен денсаулықтарына қауіп төндірді. Айналасындағы адамдар зардап шегуі мүмкін еді. Олардың қатысуымен жол-көлік апатын болдырмау үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді. Полиция бөлімшесінде оларға қатысты кіші бұзақылық бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Әрі қара материалдар Астананың мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды. Ол тұлғаларға 5 АЕК (1 АЕК – 2405 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Олар айыппұлмен келісті», - деді Астана қаласының ІІД баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова.

Оның айтуынша, аталған жол участкесінде сол уақытта басқаруға келмейтін жол қозғалысы болды. Жол қиылыстары ешкіммен басқарылмады.

«Бұл жол учаскесінде сол күні автокөліктер мен қоғамдық көліктердің жүргізушілері тарапынан әкімшілік құқық бұзушылықтар орын алды. Салдары ауыр болуы мүмкін еді. Қайықтағы адамдармен бірге жол қозғалысының басқа да қатысушылары зардап шегетін еді. Полиция қызметкерлерімен мұндай фактілерді болдырмау үшін әңгімелесу жүргізілді, себебі бұл азаматтардың әрекеті басқа адамдардың өміріне қауіп төндірді», - деп түсіндірді ведомство өкілі.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз