Адамдар мінген аттракцион әуеде тұрып қалды: Алматыдағы танымал ойын-сауық саябағын полицейлер тексеруде

Адамдар мінген аттракцион әуеде тұрып қалды: Алматыдағы танымал ойын-сауық саябағын полицейлер тексеруде, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2025 16:18 Сурет: freepik
Таяуда желіде Алматыдағы ойын-сауық саябақтарының бірінде адамдар мінген аттракционның әуеде тұралап қалған бейнесі тараған болатын. Аталған факті бойынша полиция тексеру жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға өткен жексенбіде, 2025 жылдың 13 сәуірінде, "Айя қиял әлемі" ойын-сауық саябағында болды.

Осы іс бойынша қалалық полиция департаменті тергеуді бастады.

"Алматы саябақтарының бірінде карусельмен болған оқиға бойынша Бостандық ауданы ПБ жанындағы полиция бөлімімен тексеру басталды. Зардап шеккендер жоқ. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып, нәтижелері бойынша құқықтық баға беріледі",- деп хабарлады бүгін, 14 сәуірде Алматы ПД баспасөз қызметі.

Бұған дейін Жамбыл облысында жанармай құю бекетінде мотоцикл жүргізушісін пышақтап кеткендігі хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: