Қазақстанда қанша демалыс және ойын-сауық саябақтары бар – статистика

Демалыс және ойын-сауық саябақтары , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2023 20:26 Сурет: Zakon.kz
Өңірлерге шаққанда демалыс және ойын-сауық саябақтарының ең көбісі Түркістан облысында Астана және Алматы қалаларында орналасқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылдың 1 қаңтарындағы дерекке сәйкес, Қазақстанда 208 ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істейді. Оның 32,7%-ы - мемлекеттік меншікте, қалғаны - жекеменшік. Ойын-сауық саябақтарының 19,2%-ауылдық жерлерде орналасқан, делінген ҚР Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.

Демалыс және ойын-сауық саябақтарының ең көбісі Түркістан облысында кездеседі: 27 саябақ. Астана қаласында - 22 саябақ, сондай-ақ Алматыда - 20. Жетісу облысында ең азы – 1 саябақ.

Ойын-сауық және демалыс саябақтарының жалпы ауданы 184,6 мың гектарды құрайды. Онда барлығы 3 848 ойын-сауық нысаны бар, оның 1465 - аттракциондар, 1642 - ойын автоматтары, 741-басқа түрлері.

2022 жылы демалыс орындарына 14,2 млн адам барған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: