Алматыдағы "Москва" сауда ойын-сауық орталығынан өрт шықты

2025 жылғы 2 қаңтарда кешкі уақытта Алматыдағы "Москва" сауда ойын-сауық орталығында өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Куәгерлер тілсіз жаудың бейнелерін желіде таратты.
Оқиға жайлы ТЖМ өз мәлімдемесін жасады.
"Алматы өрт сөндірушілері Әуезов ауданындағы сауда ойын-сауық орталықтарының бірінің шатырында ауа тартқыш құбырының электр қозғалтқышының жануын оқшаулады",- делінген ақпаратта.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Зардап шеккендер жоқ.
"Өрт 10 ш.м. алаңда сөндірілді. Сору құбырында май қалдықтары жанып кейіннен от шатырдың қаптамасына тараған".ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Бұған дейін шымкенттік өрт сөндірушілердің қызыл жалынның арасынан 7 адамды алып шыққаны хабарлаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript