Алматыдағы ойын-сауық орнында қоғамдық тәртіпті бұзған ер адам ұсталды

Алматыдағы ойын-сауық орнында қоғамдық тәртіпті бұзған ер адам ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.02.2026 20:17 Сурет: polisia.kz
Алматы қаласының Алмалы ауданындағы ойын-сауық орындарының бірінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу дерегі тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған мекемеге келушілердің бірінің азаматтардың тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті бұзуы салдарынан оқиға орнына полиция жасағы жіберілді. Қызметтік міндеттерін атқару барысында полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған азамат оларға қарсылық көрсеткен.

Құқық бұзушы Алмалы аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Жиналған материалдардың нәтижесі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Қызметтік міндетін атқарып жүрген полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсету — бұл жай ғана тәртіп бұзушылық емес, қылмыстық жауапкершілікке тартылатын әрекет. Полицияның барлық заңды талаптары міндетті түрде орындалуы тиіс. Мұндай фактілерге қағидатты құқықтық баға беріледі", — деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.

Алматы қаласының полициясы азаматтарды қоғамдық орындарда тәртіп сақтауға, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын бұлжытпай орындауға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: