Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

ШҚО-да шөп өртеу оқиғалары жиілеп барады

Екі ауданның бірнеше ауылында өрт шықты.

Сурет : altaynews.kz27 Тамыз 2018, 16:00

Шөп шабу науқаны аяқталар шақта шөп өртеу оқиғалары жиілеп кетті. Шығыс Қазақстанның екі ауданында үйілген шөптен өрт шықты, деп жазады Алтайньюс.

Жарма ауданында шабындық басынан 87 тонна шөп күлге айналған. Суықбұлақ ауылдық округіне қарасты Үшөзек дейтін жерде болған өртті төтенше жағдай қызметкерлері 5 сағат дегенде әрең өшіріп болған. Бумаға үйілген шөппен бірге дала да қызыл жалынға оранған. Өрт найзағай отынан тұтанды деген болжам бар.

Осы ауданның Жаңғызтөбе кентінде қораның төбесіндегі шөп өртеніп, үш қой күйіп өлген. Қалған малды иелері дер кезінде шығарып үлгерген. Оқиға орнына бірінші болып мұнай базасының өрт сөндірушілер жеткен. Кейін оларға жергілікті төтенше жағдай қызметінің өкілдері қосылған. 3 сағаттың ішінде жалын қорның 16 шаршы метр аумағын қамтып, 8 тонна шөпті күлге айналдырған.

Ал Ұлан ауданының Гагарин ауылында Центральная көшесіндегі үйдің ауласындағы 4 тонна шөп жанып кетті.

«Өрттің нақты себептері әлі белгісіз. Бірінші жағдайға найзағай себепкер болса, қалған екеуі отпен абайсыздық салдарынан орын алуы мүмкін. Төтенше жағдайлардың мән-жайы анықталып жатыр» – делінген облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер