Жаңалықтар тізбегі
0

Петропавлда 20-дан астам үй Есіл өзеніне құлағалы тұр

sn.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2018 15:59 sn.kz
Өзеннің ернеуі баспаналарға бар-жоғы екі аттам жерге жеткен.

Петропавлда жиырмадан астам жер үй Есіл өзеніне құлап түсуі мүмкін. Өйткені, өзеннің ернеуі баспаналарға бар-жоғы екі аттам жерге жетіпті. Ал тұрғындар апатты жағдаймен өздері күресіп келе жатқандарын айтады, деп хабарлайды Zakon.kz 31 арнаға сілтеме жасап.

Есіл өзенінің жағасындағы жардың жиегінде орналасқан үйлердің бірі Ольга Полошкованікі. Күн өткен сайын жардың жиегі опырылып, баспанасына жақындап қалғаны қожайынды алаңдатады. Әсіресе жаңбырдан соң және жүк көліктері жүріп өткен сайын топырақ төмен қарай сырғи береді дейді.

– Бір дыбыс естілсе болды, құжаттарымды жинап далаға жүгіріп шығамын. 8 жыл бойы техногенді қиын жағдай екенін айтып келе жатқаныма. Құтқарушылар да, прокуратура қызметкерлері де бізді бұл жерден көшіру керек екенін айтты. Бірақ еш өзгеріс жоқ. Бәрі үйдің құлағанына дейін күтеді ғой, - дейді Ольга Полошкова.

Осы іргеде орналасқан тұрғын үй иелері апатты болдырмау үшін қоқыс төгіп, жардың іргесін өз күштерімен нығайтып жүрген көрінеді. Тіпті төтенше жағдай мамандары 2010 жылы бұл жер адамдарға тұруға қауіпті деген шешім шығарыпты. Ашынған халық үйлері өзенге құламай тұрғанда өздерін басқа жерге көшіруді талап етеді.

Мамандардың сөзінше алдағы уақытта жардың жиегіне топырақ төсеп, нығайту жұмыстарын жүргізу ғана қарастырылған.

– Біз комиссиялық тексеріс жүргіздік. Тұрғындарды көшіру қажет. Бірақ ол қазір мүмкін болмай отыр. Әзірше жердің жиегін нығайту жұмыстары жүргізіледі, - СҚО ТЖД инженері Самат Жұмажанов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: