Қазақстанда 147 адамның 20-дан астам пәтері бар

20 пәтері бар Қазақстандықтар бар, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2022 11:09 Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда 147 адамның 20-дан астам пәтері бар. «Отбасы банк» үй иелері жайлы тың ақпарат жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жалпы 6 млн 300 мың қазақстандықтың баспанасы бар, деп жазады qazaqstan.tv.

Олардың 90 пайызында, яғни, 5,6 млн адамда бір пәтерден. 607 мың азаматта екі пәтерден бар.

Үш үйі барлар – 84 мыңнан асады. Төрт баспанасы бар қазақстандықтардың саны – 16 мың.

Бесеуден – 4800 адам, 6 пәтері барлар - 1900, 7 баспананың иелері 942 адам.

Ал 147 адамда 20-дан аса баспана тіркелген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: