Жаңалықтар тізбегі
0

Енді Исекешев пен оның орынбасарлары бизнес-класс таксилерімен қатынайды

FB.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2018 20:17 FB.ru
Ал барлық басқармалар эконом-класқа ауысады.

2018 жылдың қыркүйек айынан бастап қала және аудан әкімдіктерінің аппараттары мен 18 қалалық басқарма үшін көлік қызметін жекеменшік компаниялар көрсететін болады. Бұл туралы Қалалық ортаны регенерациялау орталығының басшысы Ғали Ісқалиев қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Келесі жылы әкімдікке көлік қызметін жекеменшік компаниялар көрсетуі тиіс. Сондықтан бүгін мемлекеттік-жекеменшік серіктестік келісіміне қол қойылады және қыркүйектен бастап жеке таксопарктер әкімдікке қызмет көрсете бастайды. Біз бюджет шығынын ең аз дегенде 20 пайызға азайтуды көздеп отырмыз, негізінде одан көп болуы мүмкін, яғни шенеуніктер жеке қызметтік көліктен бас тартады», - деді ол.

Оның айтуынша, Астананың автошаруашылығы коммуналдық кәсіпорыны 2018 жылы жекешелендіріледі. Алдын ала есеп бойынша, үнем 20 пайызды құрайды, бірақ болашақта 40 пайызға дейін көбеюі мүмкін, деді басқарма басшысы. Қазір түрлі басқармалардың қатынау лимиті - 800 мыңнан 1,5 млн теңгеге дейінгі соманы құрайды, ал бір көліктің қызметіне айына - 450-500 мың теңге кетеді.

«Біз талдау жасағанда басқармалардың көлікпен қатынау көрсеткішін алдық. Бір басқарма күніне төрт рет қатынаса, кейбірі қызметтік көлікті бір күнде 20-30 рет пайдаланады. Орта есеппен бір көлікке 15 сапарды алдық. Қазір біз басқармадағы екі автокөлікке күніне 30 сапар үшін айына миллион теңге төлейміз. Егер ол 15 сапарды екі таксиге бөлетін болса, онда 30 сапар жол ақысы орта есеппен 1000 теңге деп алсақ 30 мың теңгеге шығады. 24 күн үшін 720 мың теңге», - деді шенеунік.

Қызмет көрсетуге конкурс өткізілді, бағдарламаға төрт таксопарк қатысады.

«Біз бүгін «Astana taxi» брендімен белгілі жекеменшік таксопарктер консорциумымен (төрт оператор) бес жылға келісім жасаймыз. Тарифтері қалада қолданылып жатқан бағадан арзан», - деді ол.

Компанияларға ақыны қызмет көрсету фактісі бойынша ай сайын төлейтін боламыз. Басқармалар мен әкімдіктерге бекітілген көліктер ведомстволарға қарасты ұйымдарға: полиция, мектеп, ауруханаларға беріледі, деді спикер.

«Қала әкімі де таксимен жүреді, бірақ ол ай сайын жалға беру құқығына ие болады. Орынбасарларға да солай. Олар бизнес-класс автокөліктеріне ие болады, ал барлық басқармалар эконом-класқа ауысады», - деді журналистерге Ғали Есқалиев.

Елорда әкімдігінде енгізіліп жатқан жаңашылдыққа қатысты Астана әкімінің орынбасары Асқар Әмрин пікір білдірді.

«Біз қазір алып отырған міндеттемелер миллиард теңгеден астам экономикалық сипатқа ие, бұл біріншіден. Екіншіден, мемлекеттің жалпы саясаты, ол - қызмет көрсету түрлері мен ведомствоға қарасты ұйымдарды жекешелендіруді көздейді. Бұл сөзсіз, себебі қазір ведомствоға қарасты автошаруашылық мекемесін ликвидациялау туралы айтып отырмыз. Біз қызмет көрсету келісімшартына өтуді айқындадық. Бұл көліктерде жұмыс істеген 100 жүргізуші болып еді, қазір оларды жұмыспен қамтамасыз ету маңызды. Неге? Барлық 110 көлікті мемлекеттік басқармалардан ведомствоға қарасты ұйымдарға береміз. Келесі жылы ведомствоға қарасты кәсіпорындар да қызмет көрсету келісіміне өтетін болады», - деді Асқар Амрин.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: