Есен Елеукен жаңа телеарна Tamasha tv-дің директоры болып тағайындалды

today.kz today.kz
Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап жаңа ойын-сауық арнасы Tamasha tv ашылады.

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап жаңа ойын-сауық арнасы Tamasha tv ашылады, деп xабарлайды Today.kz “Қазақстан” телерадиокешенінің xабарламасына сілтеме жасап.

Телеарна орта есеппен 22 сағат қосулы тұрады.

Арнада телерадиокешеннің өз өнімдері көрсетіледі. Көрермен “Әзіл әлемі", "Жайдарман", "Хаха-шоу", "Әзіл man", "Көңілді тапқырлар алаңы", "Қызық екен" сияқты бағдарламалар мен мұрағаттағы танымал өнімдерді тамашалай алады.

"Жаңа телеарна отандық телевидениеде ойын-сауық бағдарламаларын көбейту мақсатында ашылды. Алдын ала жасалған сараптама осындай арнаға деген үлкен сұранысты көрсетті", – делінген корпорация xабарламасында.

Tamasha tv-дің директоры болып Есен Елеукен тағайындалды.

Арна OtauTV мен iDTV-де HD форматында көрсетіледі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз